Бесінші жыл сайынғы жабайы қызғалдақ фестиваліне қатысу

16 апреля 2026,

2026 жылғы 10–11 сәуірде Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) жабайы қызғалдақтардың бесінші жыл сайынғы фестивалі өтті. 2026 жылғы фестиваль тақырыбы — «Қызғалдақтар — Қырғызстан мен Орталық Азияның эндемиктері». Толығырақ...

Іс-шара биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау саласындағы мамандарды біріктірді. Ботаника және фитоинтродукция институты атынан ашық жердегі гүлдік-декоративтік өсімдіктер зертханасының кіші ғылыми қызметкері Изатулла Жұлдыз Изатуллақызы қатысты.

Фестиваль аясында ол Э.З. Гареев атындағы Ботаникалық бақ ғылыми-зерттеу институтында «Ботаника және фитоинтродукция институтында қызғалдақтарды сақтау» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында Жұлдыз Изатулла жабайы қызғалдақтар коллекциясын сақтау, интродукциялау және зерттеу бойынша жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Әсіресе «Альпинарий» экспозициясында және гүлдік-декоративтік өсімдіктердің коллекциялық учаскесінде сәтті интродукцияланған түрлерге ерекше назар аударылды. Олардың қатарында Қызыл кітапқа енген сирек түрлер бар: Альберт, Грейг, Регель, Кауфман, Островский, Колпаковский қызғалдақтары, сондай-ақ кеш қызғалдақ, Бем, Бузе, төртжапырақты және Леммерс қызғалдақтары.

Фестиваль бағдарламасы аясында қатысушылар Э.З. Гареев атындағы Ботаникалық бақтың қызметімен танысты. Жабайы түрлер мен мәдени сұрыптардың питомнигі мен коллекциялары бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ дендрарий-қорыққа, Корея Бейбітшілік бағы мен Г. Айтиев атындағы Ұлттық бейнелеу өнері музейіне бару жүзеге асырылды.

Іссапардың практикалық бөлігі далалық зерттеулерді қамтыды. Қатысушылар Қырғыз Алатауының тау етегіне барып, Зинаида қызғалдағының табиғи популяциясымен танысып, оны табиғи ортада бақылады. Сонымен қатар «Ала-Арча» ұлттық табиғи паркі аумағына экскурсия ұйымдастырылды.

Фестивальге қатысу ғылыми байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жабайы қызғалдақтарды зерттеу, сақтау және интродукциялау саласында жаңа білім алуға ықпал етті.

   

Жіберілімге жазылыңыз