2025 жылғы 9-10 маусым аралығында Цюрих қаласында (Швейцария) өткен «Recycling, Environmental Science & Climate Change» екінші дүниежүзілік конгрессіне геоботаника зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Димеева Л.А. және жетекші ғылыми қызметкер, б.ғ.к. Исламгулова А.Ф. қатысты. Толығырақ...
Миссия BR21882122 «Жасыл өсу жағдайында Батыс Қазақстан облысының табиғи, экономикалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» (2023–2025) бағдарламасын іске асыру аясында өтті.
Конгресс аясында Л. А. Димеева Арал өңірінің экологиялық проблемаларына және тозу мен шөлейттену жағдайында өсімдіктерді қорғау мәселелеріне арналған баяндама ұсынды. Баяндамада өсімдік жамылғысының өзгеруін талдауға, табиғатты қорғау аумақтарын кеңейту қажеттілігіне және өңірдің экожүйелерін сақтау жөніндегі шараларға басты назар аударылды.
А.Ф. Исламгулова Батыс Қазақстан өңірінің ботаникалық әртүрлілігінің ағымдағы жай-күйін бағалау туралы баяндама жасады. Баяндамада далалық зерттеулердің қорытындылары, анықталған сирек кездесетін түрлер, биоәртүрлілікке төнетін қатерлер, сондай-ақ табиғатты тұрақты пайдалануда құрылатын ақпараттық-талдамалық деректер базасының рөлі баяндалды. Халықаралық конгреске қатысу қазақстандық зерттеулердің нәтижелерін кең ғылыми аудиторияға ұсынуға, сондай-ақ биоәртүрлілік пен табиғатты қорғау мониторингі саласындағы кәсіби байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.