Жас суретшілерді суретші Бригитте Хофхеррдің (Германия) воркшопына қатысуға шақырамыз. Толығырақ…
Сиверс алмасы (Malus Sieversii) - Қазақстанның жабайы алма ағашы және әлемдегі алма ағаштарының барлық мәдени сорттарының атасы. Сондықтан, Қазақстан алманың отаны деп танылды. Өкінішке орай, Сиверс алмасы қазір қорғауды және сақтауды қажет етеді. ҚР ЭТР Министрлігі Ботаника және фитоинтродукция институтының Бас ботаникалық бағының аумағында Қазақстанның табиғи экожүйелерінен іріктеліп алынған 150-ден астам пішінді көрсететін Сиверс алма ағашының бірегей гендік қоры сақталған.
2024 жылдың 20-21 тамызында Германиядан келген суретші Бригитте Хофхерр Қазақстан Республикасының Бас ботаникалық бағында 12-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған воркшоп өткізеді.
Суретші ұзақ жылдар бойы «Жойылу қаупі төнген портреттер» жобасын жүргізіп келеді (https://www.instagram.com/brigittehofherrmalerin).
ALMA-KIKA өнер шеберханалары – «жойылып кетуге қарсы сурет» Германияның қоршаған ортаны қорғаудың федералдық қоры (DBU) қаржыландыратын “RegioALMAnagement and value creation to preserve biodiversity and ecosystem services in Kyrgyzstan and Kazakhstan (ALMA-KiKa) - using the example of endangered wild fruit varieties”, жобасының бір бөлігі болып табылады.
Воркшоп бағдарламасы Сиверс алма ағашының бірегей коллекциясымен таныстыруды қамтиды (зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Мұқан Гауһар Сиверс алмасының коллекциялық қорының маңызы, оны құрудағы ғылыми зерттеулердің рөлі туралы әңгімелейді), талқылау, сурет салу.
Бригитте Хофхерр: «Біздің басты назарымыз топта бақылау, сөйлесу, сурет салу және идеялармен бөлісу. Талқылау және өнер туындысы бойынша жұмыс жасау арқылы қатысушылар білім мен ақпаратты дамыта алады. Тек Malus Sieversii ағашын білу бізге бұл өте маңызды түрді қорғауға көмектеседі».
Воркшопқа қатысуға негізінен өнер мектептерінің, студиялардың және колледждердің студенттері шақырылады. Қатысу тегін, тек Бас ботаникалық баққа кіру билетін сатып алу қажет (мектеп оқушылары үшін – 527,20 теңге).
Екі топ қабылданады, әрқайсысында 12 адамға дейін.
20 тамыз – 12-14 жас аралығындағы мектеп оқушылары;
21 тамыз – 15-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары;
Ұзақтығы:
20 тамыз – 9-00-ден 13-00-ге дейін;
21 тамыз – 9-00-ден 15-00-ге дейін;
23 тамызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғимаратында семинарға қатысушылардың жұмыстарының көрмесі және сертификаттарды тапсыру рәсімі өтеді.
Өтініштер 2024 жылдың 17 тамызына дейін қабылданады, орын саны шектеулі.
Қосымша ақпарат және семинарға тіркелу: Жандосова Ажар, wһatsаpр +7777213 0560
Ұйымдастырушылар:
«Алмалы Жұмақ» қоғамдық қоры;
ҚР ЭТРМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК;
NETwork for System Competence and Innovation (NETSCI) GmbH.
Жобаны Германияның қоршаған ортаны қорғаудың федералдық қоры (DBU) қаржыландырады.