Институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ұйымдастырылды
ҚР Президентінің 26.12.2014 жылғы № 986 Жарлығымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 18.11.2015 жылғы № 410-V ҚР Заңына және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес ҚР ЭГТРМ ОШЖДК "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Толығырақ…
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ұйымдастырылды. Бас директордың 23.12.2020 жылғы № 04-08/53-П бұйрығымен заң кеңесшісі Тойжанов Ерік Аманжолұлы осы қызметке жауапты болып тағайындалды.
2022 жылдың 08 маусымында "Ұжымда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы және қызметтік әдеп кодексінің нормалары мен ережелерін сақтау"тақырыбына жалпы түсіндіру жиналысы өткізілді.
Сондай-ақ сіздерге институттың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі азаматтар мен қызметкерлер тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты хабарлай алатын не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізе алатын ақпараттандыру арналарын құрғанын хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштерді электрондық поштаға antikor@botsad.kz немесе жедел желінің телефон нөмірі бойынша 8-702-763-63-14 хабарласуға болады.