Құрметті келушілер! Толығырақ...
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңартылған Салық кодексіне сәйкес ҚҚС негізгі мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаяды.
Осыған байланысты, ҚҚС билет бағасына кіретіндіктен, Бас Ботаникалық баққа кіру билеттерінің құны өзгереді. Енді ботаникалық баққа кірген кезде: ересектер үшін – 932,14 теңге, зейнеткерлер мен оқушылар үшін – 466,07 теңге, студенттер үшін – 745,71 теңге төленеді.
Тиынмен есеп айырысуға байланысты туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен қызмет көрсету тарифтерін тиынсыз үйлестіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.