Жаңа жылда келушілер үшін маңызды ақпарат!

03 января 2024,

Құрметті келушілер! Толығырақ…

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас Ботаникалық баққа кіру үшін қосымша 24,20 теңге төлеу керек. Себебі, ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін, әрбір келушінің төлеуі тиіс салық өсіп, қазір 369,20 теңгені (2023 жылы – 345 теңге) құрап отыр. Ботаникалық баққа кіру - кіру билетін (ересектер – 505 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары – 158 теңге, студенттер – 340 теңге) және ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салықты қамтиды. Енді ботаникалық баққа кіру кезінде ересектер – 874,20 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары –527,20 теңге, студенттер – 709,20 теңге төлейтін болады.

Серуендеуден ләззат алыңыз. Біз сізді ботаникалық бақта күтеміз!

 

 

Жіберілімге жазылыңыз