Қазақстанның табиғи флорасы тұқымдарының алғашқы Атласы шығарылды

12 декабря 2023,

Табиғи флора өсімдіктерінің генетикалық қорларын тұқым банктерінде және басқа да қоймаларда
сақтау - биологтардың, ботаниктердің бүгінгі күні қолда бар табиғи флораның бірегей генетикалық
материалын, әсіресе жойылып кету қаупі төнген түрлерін, сақтауға және зерттеуге қосқан үлкен және
баға жетпес үлесі болып табылады. Толығырақ…

Ал біздің Ботаника және фитоинтродукция институты өсімдіктердің генетикалық қорын сақтау, сол арқылы адамдардың кейінгі ұрпақтарына қамқорлық жасауға, олардың өмір сүру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жатқанын мақтан тұтамыз.

Ботаника және фитоинтродукция институтында 2013 жылы мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарын зерттеу бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның табиғи флорасының Тұқым банкін құру бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта Тұқым банкінде Қазақстанның табиғи флорасы тұқымдарының 5000-нан астам үлгісі сақталуда.

2023 жылы BR10264557, 2020-2023 ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында: «Ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде Алматы облысының флорасы мен өсімдік ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайын кадастрлық бағалау» бірінші Қазақстанның табиғи флорасының тұқымдарының атласын Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері шығарды. Оған 20 тұқымдастың 188 туысының 425 түрі енгізілді, олардың тұқымдары Алматы облысының аумағында жиналған. Әрбір түр атауы үшін (латын, қазақ, орыс тілінде), тұқымдасы (үш тілде), тұқымдардың қысқаша ботаникалық-карпологиялық сипаттамасы (екі тілде) келтірілген.
Атласта Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің 20 тұқымдасының 10 туысына
жататын 25 түрі көрсетілген, Басылым зерттеушілерге, оқытушыларға және докторанттарға арналған оқу құралы ретінде қызмет ете алады. Біздің ғылыми қызметкерлеріміздің жұмысы жалғасуда және болашақта Атластың келесі шығарылымы осы басылымға кірмеген жаңа түрлердің тұқымдарының сипаттамасы мен фотосуреттерін қамтиды.

  

Жіберілімге жазылыңыз