Швейцария мен Германиядан келген қонақтардың келуі

16 сентября 2026,

2026 жылғы 4 қыркүйекте Ботаника және фитоинтродукция институтына Швейцария мен Германиядан келген мамандар мен әуесқойлар тобы арнайы сапармен келді. Толығырақ...

Қонақтардың қатарында помологтар, бағбандар, арбористер және жеміс дақылдарының көне сорттарын сақтаумен айналысатын мамандар болды. Оларды жеміс өсімдіктерінің генетикалық мұрасын, соның ішінде Қазақстандағы жабайы алма ағаштарының бірегей генофондын сақтау мәселесіне деген ортақ қызығушылық біріктіреді.

Қонақтарды Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнара Токбергенқызы Ситпаева қарсы алды. А.Д. Жанғалиев атындағы жеміс өсімдіктерінің генофондын қорғау және интродукциялау зертханасының меңгерушісі Гауһар Сейсенбекқызы Мұқан «The Sievers Apple Tree: Genetic Diversity, Conservation and Sustainable Use» тақырыбында баяндама жасап, Сиверс алмасының (Malus sieversii) генетикалық алуантүрлілігі, сақталуы және тұрақты пайдаланылуы туралы таныстырды.

Қонақтарға Қазақстанның жабайы жеміс өсімдіктерінің коллекциялық қорына экскурсия ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушылар Malus sieversii-ді сақтау және зерттеу, табиғи популяциялардың бірегейлігі, оларға төнетін қауіп-қатерлер, климаттық жағдайларға бейімделу, өсімдіктерді көбейту және оларға күтім жасау ерекшеліктерін талқылады.

Қонақтардың ерекше қызығушылығын Қазақстанның жабайы алма ормандары және оларды ұзақ мерзімді сақтау мүмкіндіктері тудырды.

Мұндай кездесулер — білім мен кәсіби тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның жеміс өсімдіктерінің бірегей генетикалық мұрасын сақтау бағытындағы бірлескен жұмысты жолға қоюға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

          

Жіберілімге жазылыңыз