2025 жылғы 8 сәуірде тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық аясында Ботаника және фитоинтродукция институтына ЭКО Ғылым қорының кеңесшісі, «Бір белдеу және бір жол» (BRISEC) ғылым және білім жөніндегі халықаралық консорциумының вице-президенті, Дамушы әлем үшін инженерлік және технологиялар академиясының негізін қалаушы және тең құрылтайшысы, Пекин технология және бизнес университетінің және қытай ауылшаруашылық университетінің құрметті профессоры Мансур Хуссейн Сумро (Пәкістан) келді.
Толығырақ...
Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, профессор Гүлнар Тоқбергенқызы Ситпаева институт қызметі туралы баяндама жасады. Содан кейін Мансур Хуссейн Сумро біздің қызметкерлерге «Мүдделі тараптарды оқыту және биоәртүрлілік пен экожүйелерді тұрақты сақтау үшін биосфералық резерваттар және фермерлік дала мектептері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен кейін қонағымызға Тұқым банкі мен ботаникалық баққа экскурсия жасалды.