Экология министрінің Бас ботаникалық баққа сапары

06 октября 2026,

2026 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлибек Сәкенұлы Қуантыров Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ботаника және фитоинтродукция институтына барды. Толығырақ...

Институттың Бас директоры Гүлнара Токбергенқызы Ситпаева мекеменің негізгі қызмет бағыттарын, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және одан әрі даму перспективаларын таныстырды. Одан кейін ол Министрге Бас Ботаникалық бақ аумағында экскурсия жүргізіп, ботаникалық коллекциялармен таныстырды.

Сондай-ақ Министр жылыжайды реконструкциялау барысын көріп, Молекулярлық генетика және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының жұмысымен танысты. Зертханада сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар және шаруашылық үшін құнды өсімдік түрлерінің генетикалық алуантүрлілігін зерттеу, паспорттау және микроклондық көбейту бойынша зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар ол Қазақстанның өсімдік ресурстарын зерттеу және мониторингілеумен айналысатын Өсімдіктер әлемінің кадастры зертханасының жұмысымен танысты. Бұдан кейін Ә.С.Қуантыров Қазақстанның табиғи флорасының генофондын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілетін Тұқым банкіне барды.

Сапар соңында Министр Институт ұжымымен кездесіп, мамандардың қызметімен танысты және ғылыми-зерттеу мекемесін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

                

Жіберілімге жазылыңыз