Қытай Ғылым академиясы Синьцзян экология және география институты директорының орынбасарының сапары

18 апреля 2023,

«Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және бірлескен жобаларды құруды жалғастыруда. Сондай серіктестердің бірі – жақында Қытай Ғылым академиясының Синьцзян экология және география институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Толығырақ…
 
 

17 сәуірде Қытай Ғылым академиясы Синьцзян экология және география институты директорының орынбасары, профессор Чжан Даоюань Ботаника және фитоинтродукция институтында болды. Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, қонаққа ботаникалық бақ пен Қазақстанның жабайы жеміс өсімдіктерінің коллекциясына экскурсия ұйымдастырылды.
Алдағы бес жылда біз серіктеспен бірге өсімдіктердің биоалуантүрлілігі, экология, география және онымен байланысты экологиялық тақырыптар бойынша зерттеулерге, соның ішінде өсімдіктердің экологиялық мониторингі мен бағалауы бойынша іргелі зерттеулерге көңіл бөлеміз. Бірлескен ғылыми зерттеулер, ғалымдармен, мамандармен және ғылыми ақпараттармен алмасу, сондай-ақ ынтымақтастықтың басқа да нысандары арқылы жүзеге асырылатын болады.

    

Жіберілімге жазылыңыз