Қазақстанда алғаш рет балдырлардың аннотацияланған тізімі жасалды

09 сентября 2024,

Ботаника және фитоинтродукция институтының ғалымдары «Алматы облысының балдырлар флорасының кадастрын» жариялады, онда Қазақстан үшін алғаш рет Алматы облысының зерттелген су қоймалары мен су ағындары балдырларының аннотацияланған тізімі берілген. Толығырақ…

Тізімге балдырлардың 1276 түрі мен сорттары кіреді. BR10264557 «Ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде Алматы облысының флорасы мен өсімдік ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайын кадастрлық бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында алынған отандық альгологтардың әдеби-гербарийлік материалдарын талдау және облыстың балдырлар флорасы бойынша зерттеу нәтижелері негізінде тақырыбында балдырлардың аннотацияланған тізімі жасалып, 8 бөлімнен анықталған түрлердің сипаттамалары мен әртүрлілігі туралы ақпарат берілді: Cyanoprokaryota, Chlorophyta, Bacillariophyta, Charophyta, Euglenophyta, Chrysophyta, Xanthophyta, Dinophyta.

Балдырлардың аннотацияланған тізімі альгологтарға, гидробиологтарға, биологиялық пәндер оқытушыларына, табиғатты қорғау және қоршаған ортаны пайдалану саласындағы мамандарға арналған. Кадастрмен botsad.kz сайтының «Ғылыми жарияланымдар» бөлімінде танысуға болады.

          

Жіберілімге жазылыңыз