Армандау сәті және ақша ұтып алатын уақыт

27 января 2022,

Құрметті алматылықтар және қала қонақтары, ақпан айының соңына дейін Бас Ботаникалық бақ арқылы аудио серуенге шығу мүмкіндігіңіз әлі бар. Толығырақ…

Қазір бәрімізге жақсы эмоциялар мен жағымды әсерлер қажет. Аудиотур осыған септігін тигізеді деп сенеміз. Сіз жай тыңдаушы немесе бақылаушы болмайсыз, сіз әрекеттің басты кейіпкеріне айналасыз. Сиқырға қол тигізіп, тілек айтып, армандауға келіңіз.
Сонымен қатар, «Армандау сәті» аудио серуеніне билет сатып алу арқылы «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының 150 000 теңгелік екі ұтысының қатысушысы боласыз!
Ұтыс ойындары 2022 жылдың 31 қаңтары мен 28 ақпанында өтеді!
31 қаңтарда 2021 жылдың 17 желтоқсаны мен 2022 жылдың 30 қаңтары аралығында сатып алынған билеттер қатысады.
2022 жылдың 31 қаңтары мен 2022 жылдың 28 ақпаны аралығында сатып алынған билеттер 28 ақпандағы ұтыс ойынына қатысады.
Билеттер ticketon.kz және kassir.kz сайттарында сатылуда
Сәттілік тілейміз!

Жіберілімге жазылыңыз