«Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК бас директорына кезекті марапаттау тапсырылды.

23 сентября 2021,

 Ботаника және фитоинтродукция институты мен Бас ботаникалық бақтың ұжымы, серіктестері бас директор ГУЛЬНАР ТОКБЕРГЕНОВНА СИТПАЕВАНЫ Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының еңбек сіңірген қайраткері атағымен шын жүректен құттықтайды! Толығырақ...

 Бұл марапат Гүлнара Тоқбергенқызының ғылымға сіңірген еңбегін қазақстандық ғалымдар арасында ғана емес, сонымен қатар ресейлік ғылыми қауымдастық арасында жоғары бағаланғанын көрсетеді.
 Гүлнар Тоқбергенқызы - кәсіби шеберліктің, жауапкершілік пен сүйікті ісіне берілгендіктің нағыз үлгісі.  Оның жетекшілігімен Бас ботаникалық бақ қана емес, сонымен қатар барлық филиалдар - Астана, Жезғазған және Іле ботаникалық бақтары табысты жұмыс істеуде. 

 Гүлнар Ситпаева - биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, ҚР Ботаникалық бақтар мен дендрологиялық парктер кеңесінің төрағасы, 200 -ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

 Гүлнара Тоқбергенқызы 26 жыл бойы ғылыммен айналысып, еңбек етіп келе жатқан Институт ұжымы керемет әйелге, сезімтал және білікті басшыға сәттілік пен өркендеу тілейді және біз бірге бұдан да үлкен табыстар мен марапаттарға жеткізетінімізге кәміл сенеміз.

Жіберілімге жазылыңыз