5 маусым - Эколог күні және Дүниежүзілік қоршаған орта күні - табиғатты сүйетін және оған қамқорлық жасайтын әр адамның мерекесі. Бұл мерекелердің негізгі міндеті-қоршаған ортаны сақтау және жақсарту қажеттілігіне қоғамның назарын аудару. Толығырақ…
Эколог күніне және Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған іс-шаралар аясында Бас Ботаникалық бақта дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері Бабай Инга Валерьевнаның дәрісі өтті. Дәрістің тақырыбы: "Қала экологиясындағы ботаникалық зерттеулер мен жасыл кеңістіктердің рөлі".
"Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК қызметінің негізгі функцияларының бірі – табиғатты қорғау қызметі болғандықтан, біз әріптестерімізді Эколог күнімен және Дүниежүзілік қоршаған орта күнімен құттықтаймыз.
Міне, 90 жыл бойы ғылыми қызметкерлердің бірнеше ұрпағы ботаникалық әртүрлілікті, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін сақтау, қорғау және молайту үшін жұмыс істеп келеді. Ауданы 103,6 га Бас Ботаникалық бақтың аумағында 2,5 мыңнан астам тірі өсімдіктердің таксоны өседі. Мұның бәрі біздің қызметкерлеріміздің көпжылдық және қажырлы еңбегімен жасалды.
Құрметті әріптестер, сіздердің еңбектеріңіз, ынта-жігеріңіз және табиғатқа деген үлкен сүйіспеншіліктеріңіз үшін рахмет. Біздің ортақ ісімізде кәсіби өсуді, барлық ой-ниетімізді іске асыруды және табыс тілейміз.