БҰҰДБ биоәртүрлілік жөніндегі бас техникалық кеңесшісімен кездесу

19 мая 2025,

2025 жылғы 16 мамырда Ботаника және фитоинтродукция институтында БҰҰ Даму бағдарламасының биоәртүрлілік жөніндегі бас техникалық кеңесшісі Джошуа Браннмен кездесу өтті. Толығырақ...

Отырыс Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға қатысушылардың 16-шы конференциясының қорытындысы бойынша елдер қабылдаған міндеттемелерді орындауға және 2025–2035 жылдарға арналған Биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасының бірлескен жобасын әзірлеуге арналды.

Миссия аясында Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекші ғалымдарымен кеңес өткізіліп, республиканың өсімдік ресурстарын қорғау мәселелері талқыланды. Институт зертханаларымен таныстыру экскурсиясы өтті: молекулярлық генетика және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасы; өсімдіктер әлемінің кадастры зертханасы; жоғары тамырлы өсімдіктердің гербарий қоры бар жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасы зертханасы және табиғи флора тұқым банкінің зертханасы.

Кездесу өзара қызықты және нәтижелі болды.

    

Жіберілімге жазылыңыз