Жасыл Рейнджер Клубының жиналыстары «Шеврон» демеушілігімен

11 августа 2025,

Соңғы үш жыл бойы Ботаника және фитоинтродукция институтының басқаруындағы Бас Ботаникалық бақта экологиялық еріктілерге арналған «Жасыл Рейнджер Клубы» атты білім беру жобасы жүзеге асуда. Толығырақ...

Әр сенбі сайын ботаникалық бақта экология мәселелеріне бейжай қарамайтын, табиғатқа қамқорлық жасап, қалалық ортаны жақсартуға үлес қосуға дайын адамдар жиналады.

Соңғы 10 клубтық кездесу «Шеврон» компаниясының қолдауымен өтіп, білімнің, жігердің және бірліктің нағыз қайнар көзіне айналды!

Осы уақыт ішінде біз:

- Ғалымдармен, экоактивистермен және еріктілермен кездесулер мен дәрістер өткіздік;

- Өсімдіктерді күтіп-баптаудың негіздерін үйреніп, ағаштарды емдедік;

- Ботаникалық баққа көмек көрсетуге арналған ерікті акцияларға қатыстық;

- Өзімізге пікірлес адамдарды тауып, қауымдастықтың күші айналаны қалай өзгерте алатынын сезіндік.

«Шеврон» компаниясына экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі мен қолдауы үшін, ал қатысушыларға – энергия, белсенділігі және табиғатқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреміз.

Клуб кездесулері жалғасуда — жаңалықтарды бақылап, қосылыңыздар! Клубтың мүшесі кез келген адам бола алады. Telegram тобымызға қосылып, клубқа мүше болу үшін профильдің басындағы сілтемені пайдаланыңыз.

«Жасыл Рейнджер Клубы» – «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан Tabiğat Labs жобасының бір бөлігі. 2025 жылғы бағдарламаға қатысушылар: Ботаника және фитоинтродукция институтының басқаруындағы Бас Ботаникалық бақ, Fading TSE, Act for Impact және Urban Forum Kazakhstan.

                    ​​​​​​

Жіберілімге жазылыңыз