ХХ Халықаралық ботаникалық конгресс

05 августа 2024,

2024 жылдың 20 мен 27 шілдесі аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекші қызметкерлері: б.ғ.д. Димеева Л.А., б.ғ.д. Гемеджиева Н.Г., б.ғ.к. Құдабаева Г.М., б.ғ.к. Веселова П.В. бағдарламалық-мақсатты және гранттық қаржыландыру есебінен Мадридте ХХ Халықаралық ботаникалық конгресстің (IBC 2024) жұмысына қатысты. Толығырақ…

Халықаралық форумда 2 постер баяндамасы ұсынылып, конгреске қатысушылардың сертификаттары алынды:

«Species composition and altitudinal distribution patterns of wild Allium L. relatives in the Kyrgyz Alatau mountain ridge» (Nadezhda G. Gemejiyeva, Gulnara T. Sitpayeva, Liliya A. Dimeyeva)

«Betpakdala desert is the centre of concentration of endemic Chenopodiaceae of Kazakhstan» (Vesselova P.V., Kudabayeva G.M., Osmonali B.B.).

Қазақстандық ғалымдар конгрестің пленарлық және секциялық отырыстарына белсенді қатысып, ботаникалық зерттеулер саласындағы заманауи жетістіктермен және ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысты, Мадридтегі Корольдік ботаникалық баққа барды, Ресей, Украина, Қытай, Армения және Үндістан делегаттарымен ғылыми байланыстар алмасты.

Конгресстің жабылу салтанатында Мадрид декларациясы қабылданып, келесі халықаралық ботаникалық конгрессті 2029 жылы Кейптаун қаласында (Оңтүстік Африка) өткізу туралы хабарландыру жасалды.

                  

Жіберілімге жазылыңыз