Бүгін, 29 қыркүйекте Бас Ботаникалық бақ сахнасында түрлі елдерде жүзеге асырылып жатқан, «Жас ғалымдар мектебі» пилоттық жобасының аяқталу салтанаты өтті. Толығырақ…
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі, Chevron компаниясы және Бас ботаникалық бақ арасындағы серіктестік аясында Алматының әртүрлі мектептерінен 12-17 жас аралығындағы 36 оқушы төрт ай бойы ботаника ғылымын меңгерді. Бұл жоба Ботаника және фитоинтродукция институтының 90 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралардың бір бөлігі болды, оның қызметінің маңызды бөлігі биология саласындағы ғылым мен білімді танымал ету болып табылады.
Құттықтау сөздерімен Дана Жақсылық American Space & Makerspace Almaty жобасының директоры, БББ маркетинг және PR департаментінің басшысы Баян Қоспенбетова, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ананд Кришна, Chevron әлеуметтік инвестициялық бағдарламаларының үйлестіруші Лейла Айтмұханова, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директордың міндетін атқарушы, өсімдік ресурстары зертханасының меңгерушісі Надежда Геменджиева.
Жас ғалымдар кураторлармен бірге өз нәтижелері мен жетістіктері туралы баяндамалар жасады. Одан кейін мектеп оқушылары жүлделі эко-викторинаға, өсімдіктерді отырғызу