Бүгін біз Бас ботаникалық бақ - өсімдіктер дүниесін, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану жөнінде зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер жүргізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылатының тағы да еске салғымыз келеді. Толығырақ…
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 07 шілдедегі № 175-III Заңының 63-бабының 1-тармағына және 59-бабының 1-тармағына сәйкес Бас Ботаникалық бақтың бүкіл аумағы 4 аймаққа бөлінеді:
1. Экспозициялық аймақ (52,4 га) - бұл келушілердің кіруіне ашық және интродукциялық сынақтар мен ағаш өсімдіктерін өсіру жүргізілетін экспозициялық учаскелер, сондай-ақ кіру үшін жабық коллекциялық учаскелердің алаңдары;
2. Қоғамдық аймақ (18,8 га), келушілер үшін үнемі ашық, сонымен қатар ғылыми жұмыстар жүргізіледі;
3. Ғылыми аймақ (29,1 га) – ғылыми зерттеулер жүргізу және өсімдіктердің гендік қоры коллекцияларын сақтау үшін, аймаққа интродукциялық питомниктер, көбейтуге арналған өсімдіктердің аналық екпелері, эксперименттік учаскелер және дамуға арналған резервтік аумақтар кіреді;
4. Әкімшілік және өндірістік-шаруашылық аймақ (3,3 га): зертханалар, гараждар, тұрақтар және қойма үй-жайлары.
Барлық келушілер үшін қоғамдық аймақ аумағында және экспозициялық аймақтың кейбір учаскелерінде серуендеуге болады. Қалған аумақ, шектеулі қол жетімділігі бар ғылыми және коллекциялық аумаққа жатады. Дәл осы учаскелер Ботаникалық бақ қызметкерлерінің ғылыми зерттеулер жүргізуі үшін қоршаудың сыртында орналасқан. Ерекше жағдайларда біз жабық жерлерде экскурсиялар мен серуендер ұйымдастырамыз.
Ботсадтың негізгі қызметі – ғылыми және аумақтың көп бөлігіне еркін бару, қолжетімді бола алмайтындығын ұмытпауларыңызды сұраймыз.