Мультимедиа и инфографика

Күз. Ақындар сипаттағанды ұнататын тамаша мезгіл. Әсем түске боялған ағаштар, бұталарды тербелтіп, ұйқыға баулитындай самал жел. Күн әлі де жұмсап үлгермеген жылуын таратуға талпынып, жаздағыдай күн шуағымен жылытады.  Көгілдір аспанды әлі бұлттар жаппаған. Тек жел ғана далада қыркүйек айы екенін еске салғандай сәл салқын әрі өткір бола бастады. Жасыл шөптің арасында күздің хабаршылары: сары және қызыл жапырақтар байқалады. Жақын уақытта олар ағаштардан түсіп, жолды бетін жауып тастайды.